
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы да өсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,67 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 521,67 теңге
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу бағамы - 521 теңге. Еуро 589 - 595 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 527 теңге, сатып алу құны - 520 теңге. Еуро 590 теңгеден сатып алынып, 598 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 - 6,39 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 сәуірге ұсынған ресми бағамы - бір долларға 516,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,30 теңге. Еуро - 586, 33.