Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1 500 000 теңге талап етіп, оны сотқа берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2025
- 136

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызына қарсы сотқа талап арыз түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш іс Алматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Тележүргізуші бұрынғы әйелінің өзі туралы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқанын жеткізген.
«Физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті» деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қол сұғу ретінде қарастырылуы керек», – делінген талап арызда.
Асхат Садырбай сотқа жарияланған ақпараттарды жалған деп тану, аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялау, жазбаша кешірім хатын жолдау, 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу, кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы ақиқат» редакциясына ұсыну талаптары бойынша арыз тастаған.
Өз кезегінде Айғаным Болатқызы сот отырысының ашық өткенін қалайтынын жеткізді.
Айта кетсек, сот процесі осы жылдың 21 ақпанында басталған. Әлі де қаралып жатыр.