Ақтөбе облысының әкімдігі жұмыс кестесін өзгертті
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2025
- 84

Ақтөбе облысында 21 сәуірден бастап мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытының жаңа режиміне көшеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.
"Облыс әкімінің өкіміне сәйкес 2025 жылғы 21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс уақытының жаңа режиміне көшеді: 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70 пайыздан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті", - делінген хабарламада.
Хабарламада өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталғаны айтылған.
21 сәуірге дейін жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ға дейін бекітілген.