Мәдениет
«Смузидің орнына қымыз ішіп жүрмін»: "Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы ауылдағы келіндік өмірін көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 сәуір, 2025
- 39

Қазір бауырсақ пісіріп жүрген келінмін
"Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы Томирис Какимова ауылға келін болып түскен. Бұл туралы ару желідегі параұшасында көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық байқаудың финалисі 2024 жылдың қазан айында келін атанған болатын. Ол Астанадан ауылға қоныс аударған.
“Күйеуіммен танысқанда “Атым – Абиль” деді, негізі – Әбіл екен. Мен оны қаланың жігіті, бизнесмен деп ойладым. Таңертең смузидің орнына қымыз ішіп жүрмін. Убердің орнына әкесінің тракторы. Мен Нью-Йоркте тұруды армандасам да, батыс өңіріндегі осы ауыл ұнайды. Өзімді шын бақытты сезінемін. Мен Қазақстан аруымын, подиумға үйреніп қалдым. Ал қазір бауырсақ пісіріп жүрген келінмін ”, – деп жазды сұлулық байқауының жеңімпазы.
Келесі мақала