Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өз-өзін өртеп жіберді

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өз-өзін өртеп жіберді
Сурет: видеодан скриншот
Қазіргі таңда ер адамды мұндай әрекетке итермелеген себептері анықталып жатыр

Қостанай қаласында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Көлікте отырған ер адам канистраны алып шығып, өз-өзін автокөліктің ішінде өртеп жіберген. Жанған күйі көліктен сыртқа жүгіріп шыққан.

Көшеде жүрген адамдар ер адамды құтқаруға тырысып, отты өшіруге әрекет еткен.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жеткен. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі науқас қазір жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен ер адамды мұндай әрекетке итермелеген себептер анықталып жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар