Екі қызын сириялықтарға күйеуге бермекші болған: Астанада терроризмді насихаттаған әйел сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 сәуір, 2025
- 343

Астанада терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған әйел сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, әйел Telegram мессенджері арқылы терроризмге қатысты материалдар мен идеологияларды таратқан.
Ол Түркия арқылы Сирияға ұшып кетуге әрекеттенген. Полицейлер күдіктіні Алматы әуежайында ұстады.
Сотталушы кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге бермекші болған.
"Басты сот талқылауында сотталушы Telegram чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ, кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлел ұсынып, күдіктінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризмді насихаттау және террористік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ұшақ апаты: Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2025