Руслан Берденовке шабуыл жасаған күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:14
- 1.8k

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасаған күдіктіге қатысты тың ақпарат пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ашық дереккөздерге сенсек, күдікті Ернар Жиенбай ЖШС «Тұрғын үй Шымкент» ұйымының басшысы екені белгілі болды. Компания Шымкент қаласындағы құрылыстарға жауап береді және көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Gov.kz порталындағы дереккөздерде 2024-2026 жылдар аралығына арналған Шымкент қаласының құрылыс нысанына 2023 жылы 1 млрд теңге қаржы бөлінген. 2024-2025 жылдары 3,4 млрд теңге болған, яғни бюджет үш есеге өскен.
Шымкент қаласының құрылыс басқару ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 15 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2025 жылға 22 нысан жоспарланған. Сәуір айы бойынша 10-нан аса мекен-жайға жүргізіліп жатыр. Алайда ЖШС «Тұрғын үй Шымкент» компаниясында ешқандай тендер жарияланбаған, нысандар ұсынылмаған.
Айта кетсек, үш рет оқ атылып, жарақат алған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып 2024 жылы тағайындалды.