Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бала өтірік айтпайды»: қызылордада балабақшаға барып жүрген 4 жасар қыздың құлағының пердесі тесіліп кеткен

«Бала өтірік айтпайды»: қызылордада балабақшаға барып жүрген 4 жасар қыздың құлағының пердесі тесіліп кеткен
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Бүлдіршіннің анасы балабақша тәрбиешілерінің жазасыз қалғанына наразылығын білдірді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік балабақшаға барып жүрген төрт жасар қыздың құлағы естімей қалды. Анасының сөзінше, бір құлағының пердесі тәрбиешінің ауыр соққысынан жарылып кеткен. Бүлдіршін анасына апайының қалай ұрғанын өзі айтып беріпті. Бірақ бөбекжай қызметкері жазасыз қалыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі ай бұрын №2 Ұлан бөбекжайынан келген Айзия Серікқожаның құлағы солқылдап ауырған екен. Түнімен мазасынданған бүлдіршінді анасы таңда емханаға апарған. Айтуынша, дәрігерлер құлақ пердесінің қатты соққыдан тесіліп кеткенін айтқан. Содан бері олар емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. 

Айзияның бір құлағы әлі де дұрыс естімейді. Аруна Ахметова қызының дерті оның жүйкесіне де әсер еткен дейді. Алайда бөбекжай қызметкерлері бүлдіршінді ұрғанын мойындамаған. Оның үстіне балабақшадағы бейнекамералардың жазбасын да көрсетпей қойды дейді.

“Полициямен барған кезде камерасы қосылып тұр. Екі камера тұр екен, құпиясөз сұрап тұр. Бастығы “құпиясөзді бір жерге жазып қойып ем, таппай тұрмын” деп сол күні құпиясөзі айтылмады, камера да ашылған жоқ. Бала өтірік айтпайды. Мен сенемін. Өйткені кішкентай қыздың құлағы тиіп кеткеннен көгермейді. Пердесі тесілмейді. Олар ең құрығанда жауапкершілік танытып, мұны медбикеге айтпаған”, – деді қыздың анасы Аруна Ахметова.

Балабақша басшылары бұл шағымды растамады, не жоққа шығармады. Тек болған іс бойынша құзырлы органдар айналысып жатыр деді. Қазір “кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабымен іс тергеліп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар