Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Cartier Love білезігі мен жүзігі»: Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды

«Cartier Love білезігі мен жүзігі»: Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды
Сурет: e-qazyna.kz
Олигархтардың біріне тиесілі әшекей бұйымдары үшін мемлекетке барлығы 5,4 миллион теңге түскен

Қазақстандық олигархтан активтерді қайтару туралы мәміле аясында тәркіленген зергерлік бұйымдардың ішінде 5 әшекей E-Qazyna электрон платформасында сатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аукцион форматындағы сауда 23 сәуірде өтті. Бірінші рет сатылмай қалған бірнеше зергерлік бұйымдар аукционға шығарылды.

Сатылымға Cartier Love білезігі мен сақинасы, зүбаржат тасы бар сырға, аквамарин тасы бар сақина, гауһар тасы бар алтын сақина және інжу мен гауһар тасты сырғалар қойылған.

«2,6 миллион теңгеге қойылған Cartier Love білезігі мен жүзігі жаңа иесін тапты. Белгісіз сатып алушы оларды бастапқы бағамен сатып алды. Сондай-ақ аукционда 612 мың теңгеге изумруд тасты сырғалар, 1,6 миллион теңгеге аквамарин тасты ақ алтын сақина, 223,9 мың теңгеге гауһар тасты алтын сақина сатылды”, – делінген хабарламада.

Бұл әшекейлер заңсыз байыды және қаражатты шетелге шығарды деген күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Қазақстандық олигархтардың біріне тиесілі әшекей бұйымдары үшін мемлекетке барлығы 5,4 миллион теңге түскен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар