Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен кейін 260-тан астам афтершок болған

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен кейін 260-тан астам афтершок болған
Сурет: daryo.uz
Жер асты дүмпулері алдағы күндері де жалғасуы мүмкін

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы (AFAD) Ыстамбұлда болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін 266 афтершок тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 23 сәуірде Мрамор теңізінде магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген.

«24 сәуір күні сағат 9:00-де (Астана уақытымен 11:00) 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 266 афтершок тіркелді. Олардың ішінде 258-і — 0-ден 4-ке дейінгі магнитудада, жетеуі — 4-тен 5-ке дейінгі, ал біреуі — 5-тен жоғары магнитудада болған», — деп жазады Daily Sabah басылымы.

AFAD мәліметінше, афтершоктар жер сілкінісінің эпицентрінен шығысқа қарай 10–15 шақырым аумақта шоғырланған. Сондай-ақ жер асты дүмпулері алдағы күндері де жалғасуы мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар