Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қасында кішкентай қызы болған»: Алматыда әкімнің кездесуіне келген әйелді полиция қызметкерлері қолын бұрап, алып кетті

«Қасында кішкентай қызы болған»: Алматыда әкімнің кездесуіне келген әйелді полиция қызметкерлері қолын бұрап, алып кетті
Сурет: видеодан скриншот
Бейнежазбада бірнеше ер адамның, оның ішінде полицейлердің әйелдің қолын бұрап, сүйреп бара жатқанын көруге болады

Алматыда полиция қызметкерлері әкім кездесуіне келген әйелді күшпен алып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға әкім Ерболат Досаевтытың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде орын алған.

ZTB.kz телеграмм-каналының хабарлауынша, кездесуге келген жергілікті тұрғынды ғимаратқа кіргізбей қойған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада бірнеше ер адамның, оның ішінде полицейлердің әйелдің қолын бұрап, сүйреп бара жатқанын көруге болады. Әйел айғайлап, қарсыласқан. Кадрдан анасымен бірге ілесіп келген кішкентай қызды да байқауға болады.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Хабарлауынша, әйел кездесу кезінде өзін агрессивті ұстаған, тыныштық сақтамаған. Шу шығарып, заттарды лақтырған. Әйелді полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Алайда, кішкентай қыздың бейнесінде полиция қызметкерлері қорғаушылар емес пе? Бірақ бұл жағдайдан кейін бала қорқынышпен өмір сүретін болатыны анық.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар