Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлда мемлекеттік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап, олардың атынан пәтер алып отырған

Петропавлда мемлекеттік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап, олардың атынан пәтер алып отырған
Сурет: expert-otsenka.ru
Сотта мемлекеттік қызметкерлердің алаяқтық жасағандары толығымен дәлелденді

Петропавлда баспана саласында алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметкерлер сотталды. Олар бірнеше адамды алдап, пәтерлерін сатып жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айыпталушлардың бірі Артем Кошельков Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекке тұрғандарың құжатын әзірлеумен және сол тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелерімен айналысқан. Ол 2020 жылы қызметке тұрған.

Кошельков төрт бөлмелі пәтер жалдап тұрғандарды шығарып, оны сатып жіберген. Сол жерде тұрған үш әйелдің бірі ол кезде онкология диагнозымен Астанада ем алып жатқан.

"Тергеу барысында анықталмаған жеке тұлғаның сеніміне кіріп, А. Бердібековке Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сыйақыға баспана алып беруге уәде еткен. Жеке тұрғын үйге мұқтаж А. Бердібеков келісімін берген", - делінген қылмыстық іс материалдарында.

Кошельков төрт бөлмелі пәтерде А. Бердібеков әйелі және қызымен 2018 жылдан бері тұрып жатқанын көрсеткен. Көп ұзамай Бердібеков пәтерді 15 млн теңгеге сатып жіберген.

Кошельковпен кейін Әлеуметтік бейімделу орталығының маманы Қуаныш Тәжібаев бірігеді. Екеуі даун синдромымен ауыратын қыз арқылы бір бөлмелі пәтер алған.

"2022 жылғы қарашада Кошельковпен бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлауға бағытталған бірлескен қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында Тәжібаев бұл адамдардың қылмыстық ниетінен хабарсыз Л.Н. Моложенконың қамқоршысына жылжымайтын мүлікті жекешелендіру шартын жасасу кезіндегі процессуалдық бұзушылықтарға байланысты пәтерді сату және сатудан түскен ақшалай соманы мемлекетке қайтару қажеттілігі туралы хабарлаған”, – делінген іс материалында.

Қызының қамқоршысы болып отырған анаға бұл пәтерді 10 млн теңгеге сатқызып жіберіп, оның ақшасын Кошельков пен Тәдібаев бөлісіп алған.

2022 жылдың 7 маусымында Кошельков жұмыстан кеткенімен де алаяқтық әрекетін жалғастыра берген. Оған бұрынғы әріптесі Ақылбек Жамбылов жалған құжат жасауға көмектеседі. Бұл жолы олар ерлі-зайыптыны алып, олардың атына бір емес екі рет пәтер жаздырып, оны өздері сатып отырған. Кейіннен пәтер жалдап тұрып жатқан дәрігерлерді де қызметтік баспанадан шығарып жіберіп, олардың атына үй алғандай етіп құжат дайындаған. Сөйтіп оны да 17 миллионға сатып жіберген. Ал ақшаны сыбайластар бір-бірімен бөлісіп отырған.

"2023 жылдың 28 маусымында олар алдау және сенімге қиянат жасау арқылы В.П. Аксеновты жатақхананың бір бөлмесін 4 миллион теңгеге сатуға мәжбүрлеген. В.П. Аксенов бұл ақшаны К.К. Тәжібаевқа толығымен аударған, ол А.И. Кошельковпен бірге жеке пайдасына жұмсаған", – делінген материалда.

Сотта мемлекеттік қызметкерлердің алаяқтық эпизодтары дәлелденді. Сот шешімімен Артем Кошельков 6 жыл 8 айға, Қуаныш Тәжібаев пен Ақылбек Жамбылов 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кошельков 2023 жылғы 13 желтоқсаннан бастап тергеу қамауда болған.

Сот "Петропавл қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Артем Игорьевич Кошельков пен Қуаныш Тәжібаевтан 46 243 827 теңге өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырды. 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар