Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық десантшылар Мәскеуге 9 мамырдағы парадқа қатысу үшін барды

Қазақстандық десантшылар Мәскеуге 9 мамырдағы парадқа қатысу үшін барды
Сурет: Gov.kz
Парадтың есептобында барлығы 80 адам бар

Қазақстандық десантшылар Мәскеуге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 9 мамыр парадына қатысу үшін барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігі Десанттық-шабуылдау әскерлері Мәскеудегі парадқа Қазақстан атынан Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37 десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған парадтық есептоп шығатынын мәлімдеді. Парадтың есептобында барлығы 80 адам бар. Оның ішінде 11 офицер, 24 келісімшарт бойынша әскери қызметші және 45 мерзімді қызметтің сарбазы.

Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.

Министрліктің хабарлауынша, 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда әркез дайын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар