"Тараздағы былық":Бас прокуратураның жұмыс тобы Жамбыл облысын тексермек
- автор kyn.kz
- 26 сәуір, 2025
- 102

Бас прокуратураның жұмыс тобы Жамбыл облысын тексеруге жіберілді. Себебі Тараздағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің қызеткері өз әріптестерінің бар былығын айтып Президентке үндеу жолдаған. Алғашқыда Бас прокуратура бұл мәліметтерді жоққа шығарғанымен, кейін Жамбыл облысына арнайы тексеру тобын жібергенін мәлімдеді.
Әлия Қожабекованың айтуынша комитеттің Тараздағы департаментінде түрлі көзбяушылық болып жатыр. Ондағы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінен қылмыс жасаған азаматтардың мәліметі өшірілген. Осыны айтып, прокуратура өкілі әлеуметтік желіде ашық үндеу жариялаған. Тіпті басшыларының жемқорлық деректерін де бұған дейін ашық айтқан көрінеді. Осыдан кейін прокурордың өзіне жала жабылып, 25 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерді қудалау басталған. Әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында бұл дау өршіген соң,Бас прокурор істің ақ‑қарасын анықтау үшін Жамбыл облысына арнайы жұмыс тобын жіберген.
"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылым бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді",- Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.