Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Бұл жалған ақпарат”: Руслан Өтепбай Шерзат Полаттың оқиғасына қатысты тың мәліметпен бөлісті (ВИДЕО)

“Бұл жалған ақпарат”: Руслан Өтепбай Шерзат Полаттың оқиғасына қатысты тың мәліметпен бөлісті (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Ертең, Шерзаттың соты жалғасады

Белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Шерзат Полатиың оқиғасына қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Шерзат Полаттың оқиғасына куәлік еткен әйелдің сөзінің жалған екенін айтып видео жариялады.

“Шерзат Полат аса қатігездікпен қайтыс болған кезде оқиға орнында екі келіншектің болғанын білесіздер. Таяуда сот процесіне соның бірі куәгер ретінде шақырылды. Прокурор Эльмира

Нурбековадан неге полицияға, жедел жәрдемге хабарласпадыңыздар деп сұрақ қойған. Куәгер келіншек:

«Жедел жәрдем, полицияға хабарласа алмадық, телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте», - деді келіншек. Алайда бұл жалған ақпарат. Қылмыс күні таспаланған бейнебақылау камерасына зер салайық. 

Байқасаңыздар, жанжалдың басталған сәтінде екі келіншектің де иығында сөмке ілулі. Демек, екеуінің де сол сәтте-ақ полиция шақыра алатын мүмкіндіктері болған”, деді ол.

Сонымен қатар ертең Шерзат Болат ісіне қатысты сот жалғасатынын айта кетті.

“Ертең, Шерзаттың соты жалғасады. Сондықтан Сот пен прокурор, Шерзаттың адвокаттары бұл жәйтті назарға алады деп сенемін”, - деп жазды журналист.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар