Найзағай, дауылды жаңбыр: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- Бүгін, 08:38
- 226

Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында жоғарғы өрт қауіпі күтіледі.
Астанада найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с.