Шерзат ісі бойынша жауап беріп жатқан куәгер Эльмира күдікті статусына ауысуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 28 сәуір, 2025
- 801

Оның адвокаты қорғауындағы адамның денсаулығының нашарлағанын айтып, соттан жедел түрде медициналық көмек көрсетуге сұраныс жасаған, деп жазады kyn.kz сайты.
Эльмира Нұрбекова 2 күн бойы жауап берді. Алайда сот барысында оның бұрынғы тергеу кезіндегі көрсеткен айғақтарымен соттағы жауабы арасында қайшылықтар бары анықталды.
Мәселен, тергеу кезінде Эльмира Нұрбекова айыпталушының қолында қаруға ұқсас затты көргенін айтса, сотта мұндай деректі жоққа шығарды.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің айтуынша, куәгерге қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша ("Көрінеу жалған айғақтар беру") қылмыстық іс қозғалу ықтималдығы бар.
– Біз сот процесі аяқталғаннан кейін немесе үкім шыққан соң тиісті өтініш береміз. Сот оның әрекетіне қатысты шара қолдануы мүмкін, – деді адвокат.