Мәдениет
“Біздің баламыз болады”: Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығымен бөлісті
- автор kyn.kz
- Бүгін, 07:10
- 585

Актер келіншегіне пәтердің кілтін табыстады
Белгілі блогер, актер Жахан Отарғалиев көпшілікпен жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер келіншегіне пәтердің кілтін сыйлап, оған деген алғысын білдірді.
«Бұйырса, біздің баламыз болады деген күнге жетейік. Сен барлық жерде маған қолдау бердің. Сол үшін көптен көп рахмет. Алла разы болсын. Біздің енді өзіміздің үйіміз бар», - деді блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол жақында жөндеу жұмыстары басталатын айта кетті.