Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұлдары бар екені еске түссе, көрерміз»: Ақбота Керімбекова экс-күйеуінің ұлының тойына келмегенін айтты

«Ұлдары бар екені еске түссе, көрерміз»: Ақбота Керімбекова экс-күйеуінің ұлының тойына келмегенін айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Ақбота Керімбекова экс-күйеуінің ұлдарымен араласуға ниеті жоқ екенін айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова экс күйеуінің ұлына тойына келмегенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі журналист Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатында айтты. Ол жақында ғана екінші ұлы Ақанды үйлендірген еді.

“Әкесін тойына шақыру немесе шақырмауды ұлымның өзіне қалдырдым. Ұлым да ақыл тоқтатқан азамат. Өзі де онша хабарласқысы келмеді. Әйтпесе үлкен ұлымның тойына шақырғанбыз. Ол кезде келді. Оның араласқысы келетін ниетін байқамадым. Қазір біреуге ренжіп, өкпелейтін заман емес. Олармен қас-дұшпандығымыз жоқ. Ұлымның өзі де соны байқаған болуы керек. Негізі, үлкен той алда болады. Бәлкім, соған келіп қалар. Ұлдары бар екені еске түссе, көрерміз”, – деді Ақбота.

Әнші ұлдарын өзі емес, анасының баққанын айтады. Өйткені ол босана сала жұмысқа шығуға мәжбүр болған.

“Ұлдарымды дүниеге әкелгенім болмаса, баққан – анам. Босанғаннан кейін бірден жұмысқа шығып кеттім. Ер-азаматым болмағасын, жауапкершілікті өзім арқаладым. Балаларым үшін үйді де салдым. Ертең біреудің қолына қарамасын деп оқыттым. Өзімнің тағдырым басқаша болды. Әйелдің қолына қараған адам, еркек емес деген ой түйдім. Сол үшін де балаларымды аяқтандыруым керек екенін бірден түсіндім. Үш ер баланы нағыз азамат етіп тәрбиелеу оңай емес”, – деді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар