Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жанқошқа ұшырап жетімдіктің, әділетсіздіктің не екенін түсіндім»: Әнару Құрманәлі боксшыға қатысты жазба қалдырды

«Жанқошқа ұшырап жетімдіктің, әділетсіздіктің не екенін түсіндім»: Әнару Құрманәлі боксшыға қатысты жазба қалдырды
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтан көрген қорлығы туралы айтты

Өзін боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлі боксшыға қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару анасын есіне алып, 20 жасында айырылып қалғанын айтты.

«Ал енді менің тәрбиемнің басына келетін болсақ… Анам өте жақсы,  адал, таза, ақылды адам… Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады… Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым. Кішкентайымнан үйдің тірліктерін жасап, тамақ пісіріп, тіпті базарға 8-9 жасымнан бастап 5-10 келі азық-түлікті көтеріп, сауда жасайтын едім… Әрдайым Анамның жанындағы кішкентай қолғанаты болып өстім. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім… Сол Алматыға бармауым керек еді. Мен Алматыға кеткеннен кейін 3-курсқа өтіп, оқуымды бастап жатырған уақытым болатын… Оралда қалып Анамның жанында болған кезімде Анам ауырмас еді. Қас-қағым сәтте 3-4 айдың ішінде 2016 жылы ауруы белгілі болып. Қанның қатерлі ісігі, лейкоз яғни (множественная миелома) диагнозына шалдығып, Анамнан 20 жасқа енді келген шағымда айрылып қалдым», — деді ол.

Айтуынша, Жанқош Тұраровқа қатысты сот процесі әлі де жүріп жатыр.

«Анамнан айрылғаннан кейін Жанқошқа ұшырап жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсіндім. Ал енді іске келетін болсақ. Сот ісі әлі жүріп жатыр. Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде орындауда… Енді қалғаны Алланың еншісінде… Анамның әруағы қорғап келеді… Көрмеген азабым жоқ, соның барлығынан аман есен келе жатырғаным аппақ жүрегім мен Алланың, анамның қорғауында болғанымның белгісі деп білемін», — деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар