Елімізде бақсы-балгерлердің жұмысы заңдастырылмақ
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:54
- 1

Қазақстанда дәстүрлі емес медицина практиктері үшін лицензиялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін сенат депутаты Бибігүл Жексенбай дәстүрлі емес медицинаның құқықтық реттелмеуі адам денсаулығына қауіп төндіретінін мәлімдеген. Сенатор дәстүрлі емес медицина практиктері үшін лицензиялау және сертификаттау жүйесін енгізуді, оларды міндетті оқыту және біліктілігін растауды қарастыруды, сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен дәлелдерге негізделген рұқсат етілген әдістер мен практикалардың реестрін жасауды ұсынған.
Денсаулық сақтау министрлігі депутаттың ұсынысын заңнамаға енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастап кеткен.
«Біз осы депутаттық сауалмен жұмыс істеп жатырмыз. Заңнама аясында осы нормаларды парламентпен бірге пысықтаймыз. Жақын арада осы нормаларды біздің заңдарға енгізу үшін заңнамалық түзетулер әзірлейміз деп ойлаймын», - деді ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да елімізде дәстүрлі емес медицина практиктерінің қызметін реттейтін уақыт келді деп санайды.