Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белсенді Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың ерлігін айтып, оны марапатқа ұсынды

Белсенді Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың ерлігін айтып, оны марапатқа ұсынды
видеодан скрин
Бибігүл Дәулетбек: Тірісінде алмаған марапатты, өлгеннен кейін беріп, әруағы тынышталсын.

Журналист Бибігүл Дәулетбек Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанатты есіне алды. Ол марқұмның жасаған ерлігін көпшілікке айтып, оның атына марапат беруді ұсынды, деп жазды,  KYN.KZ тілшісі.

«Шерзаттың оқиғасында мені қатты күңіренткен - Нұрқанаттың өлімі болды. Білмеймін неге екенін қатты жыладым осы азаматқа. Жаным ауырды. Өзі кеш үйленіп, енді өмірдің қызығын көремін дегенінде... Бүгін осы Нұрқанат туралы сторисіме салған едім. Бұл жігіттің әріптестері тек жақсы пікірлерін жазуда. Өте аңқылдақ, тек күліп жүретін жайдарлы жан деп жатыр. Үнемі елге елпілдеп көмек көрсетіп жүреді екен. Қалжыңқой, ешқашан ешкімге ренжігенін көрген емеспіз деуде. Оқырмандарымның хаттарын оқып, тіпті мұңайып кеттім.

Нұрқанат қандай ерлік жасады дейсіздер ме? Естеріңізде ме Алматы қаласының маңында 2021 жылы әскери ұшақ құлап, 4 адам қаза тауып, 2 әскери кісі аман қалғаны? Сол аман қалған екеуіне себепші болған - осы фельдшер Нұрқанат Ғайыпбаев екенін бірі білсе, мыңы білмейді. Осы оқиға туралы күндіз Instagram платформасындағы сторисімде бөліскенімде, сол ұшақта қайтыс болған майордың жары марқұм Нұрқанаттың ерлігін жазды...оқырманымның хатын оқып отырып тіпті тебірене жылап алдым... Мені оқып отырған құзырлы орындар болса, аса мән береді деп ойлаймын. Тірісінде ала алмай кеткен марапатын құдай үшінге қазір беріңіздерші?! Марқұмның әруағы тынышталып, жаны жаннаттан болсын», - деді журналист.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар