Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлназарова Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулық жағдайы қандай екенін айтты

Әлназарова Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулық жағдайы қандай екенін айтты
коллаж kyn.kz
Министр бірнеше күн бұрын Ербаянның ата-анасымен кездескен.

Әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтардың жағдайын бүкіл ел азаматы біледі. Оның анасы жан айқайын алғаш рет әлеуметтік желі арқылы жеткізген еді. Ербаянның түсініксіз жағдайда мүгедек болып қалғаны көпшілікті алаңдатты. Ол көпшілік көмегімен Түркия елінде де ем алды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осыдан бірнеше күн бұрын оның ата-анасымен жолыққан екен.

"Әкесі қасында, диагнозына сәйкес барлық қажетті көмекті алып жатыр. Жарақатымен қатар инфекция жұқтырғандықтан емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға да барды, қазір осында ем алып жатыр.

Біз ата-анасымен қажет болса емді шетелде жалғастырамыз деген мәселені талқыладық, бірақ олар Қазақстанда емделуге келісім берді. Алдын ала болжам жасамаймыз, қажетті емнің бәрін істеп жатырмыз", - деді министр Ақмарал Әлназарова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар