Қоғам
Марқұм Шерзаттың жақындарының соттағы адвокаттарына қастандық жасалды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:52
- 671

Адвокат: Біз байқамай үлкен жылдамдықпен тасжолға шығып кетсек жағдай қиын болар еді.
Талғардағы Шерзат ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаттары өздеріне қастандық жасалғанын айтты. Адвокаттар қаладан Талғарға бір көлікпен барып жүрген. Сот отырысына қатысып шыққан кезде олар мініп келген көліктің дөңгелегінен ақау байқалған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Біздің желідегі оқырмандарымызға рақмет. Осыны байқап, бізге айтты. Әйтпесе жолға шығып кетсек нендей жағдай боларын кім білсін. Қараңыз бір дөңгелектің екі болты алынған. Бұл деген кездейсоқтық болуы екі талай. Қастандық деп айтуға тағы негіз болғанымен, күдіктіні білмейміз. Жалпы бір ойламаған жағдай болды",-деген адвокаттардың бірі.