Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құдайға осы баланы берші» дедім»: Майра Мұхамедқызы 20 жыл бойы сәби күткенін айтты

«Құдайға осы баланы берші» дедім»: Майра Мұхамедқызы 20 жыл бойы сәби күткенін айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Майра Мұхамедқызы сәбиін ұзақ жылдар бойы күткенін және қандай қиыншылықтардан көргенін есіне алды

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы 20 жыл бойы сәби күткенін және қандай қиындықтан өткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы опера әншісі "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі.

"Жасым 40-қа келген. Анам шақырып алып "Пойыз кетіп бара жатыр. Сен осылай жүресің бе? Қалай баласыз өмір сүресің? Біз алты баланы жеткіздік. Өмір тек сахна, өнер емес, ертең сен де қартаясың. Басың ауырып, балтырың сыздайды. Сол кезде саған балаң шай әкеп бермей ме?" деп жақсылап тұрып айтты. Осыдан соң өзім де ойландым. Келгеннен соң дәрігерге жүгірдік. Салтанат Байқошқароваға көп алғысымды айтамын. Баланы көтергеннен кейін армандап жүрген екі театрдан ұсыныс түсті. Баламды ойлап үйде қалу немесе операны таңдау деген екі жол тұрды”, – деді әнші. 

Айтуынша, бойына бала біткеннен кейін уақытша жұмысынан бас тартқан. Өйткені біраз қиындық көрген.

“Таңертең тұрғанда қан кетіп жатқанын көрдім. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бардым. Ол жақтағы дәрігерлер: “Баланың жүрек соғысын естіп тұрған жоқпыз” деді. Содан креслоны ұстап алып қатты жыладым. Құдайға "Операң да керек емес. Ештеңе де керек емес. Осы баланы берші" дедім. Бір кезде баланың жүрек қағысын естіп, талып қала жаздадым. Сонымен дәрігерлер "Болды, ештеңені ойламаңыз. Бала керек пе, осында жатыңыз", – деді. Сөйтіп 42 жасымда көтеріп, 43 жасымда қызымды тудым", – дейді әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар