Қоғам
«Бұршақ түсуі мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:38
- 200

Елімізде алдағы күндері найзағай соғып, жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
1, 2 және 3 мамыр күндері ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Найзағай соғып, жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
"2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі", – деді синоптиктер.