Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Астана Банкінің" бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді

"Астана Банкінің" бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді
Сурет: forbes.kz
Сырттай 10 жылға сотталған "Астана банкінің" экс-басшысының 14 миллиард теңгеге бағаланған мүлкі тәркіленді

"Астана Банкінің" бұрынғы басшылығына қатысты іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров тың деректерді мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Астана Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты үкім 2025 жылғы 22 сәуірде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылған. Бұл туралы брифинг барысында Биғайдаров айтты.

"Сот "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы әрі ірі акционері Олжас Тохтаровты агенттік қызметтер көрсету түрінде ұрлық жасағаны және банкроттық алдындағы кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты бағынышты компаниялардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны үшін кінәлі деп таныды", – деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

Оның айтуынша, Тохтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын, әкімшілік, өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкін тәркілеу үкімі шығарылған.

Айта кетсек, өткен жылы қыркүйекте Антикор бұрынғы акционер Олжас Тохтаровты тергеуге шақырған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар