Басты жаңалықтар
Алматыда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
- автор kyn.kz
- 3 мамыр, 2025
- 118

Спортшылардың жаңа баспанада жайлы өмір сүруі үшін пәтерге әрлеу жұмыстары жүргізілген
Жеңімпаз спортшыларға ақшалай сертификат, автокөлік кілті және тұрғын үй алуға арналған сертификат 2024 жылы тамыз айында салтанатты кездесуде табысталған болатын.
"Осы уақыт аралығында арнайы бюджет қалыптастырылып, барлық мемлекеттік сатып алу рәсімі – байқау өткізуден бастап келісімшартқа қол қоюға дейін – толықтай заңға сәйкес орындалды. Бірнеше айға созылған сатып алу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары 2025 жылдың 9 қаңтарында толық аяқталды. Спортшылардың жаңа баспанада жайлы өмір сүруі үшін пәтерге әрлеу жұмыстары жүргізілді", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.