Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның қай аймағы жемқорлыққа батқаны айтылды

Қазақстанның қай аймағы жемқорлыққа батқаны айтылды
culture.ru
Антикор мәліметтері қай өңірде жемқорлық өршіп тұрғанын көрсетті.

2024 жылы Антикор Қазақстанда 1 346 қылмыстық іс тіркеген. Оның 1 015 ісі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты.  Бұл туранлы KYN.KZ  тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сол дереккөзге сүйенсек, жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің саны бойынша былтыр мына бес өңір топ бастаған:

Астана – 155 іс

Шымкент – 89 іс

Алматы облысы - 68

Алматы қаласы – 66 іс

Абай облысы – 54 іс  

Ал осы істер аясында Антикор 988 тұлғаны анықтаған, олардың ішінде «Пара алу» бабы бойынша 260 адам, «Пара беру» бабы бойынша 348 адам, «Лауазымын асыра пайдалану» бабы бойынша 52 адам, «Пара беруге жәрдемдесу» бабы бойынша 30 адам бар.

«Күдікті ретінде ұсталған 988 адамның ішінде 914 адамның кінәсі дәлелденді. Олардың жемқорлық әрекетінен мемлекетке 486,1 млрд теңге залал келген. Кінәсі дәлелденгендер 371,2 млрд теңгені қайтарып берді, 28,9 млрд теңге көлеміндегі мүлікке арест қойылды. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарға беріледі», - деп хабарлайды Антикор.

Ал, жемқорлық фактілері нақты қандай органдарға қатысты тіркелді деген сұрағымызға агенттік төмендегідей жауап берген:

Әкімдіктер – 223

Квазимемлекеттік органдар – 106

Ішкі істер органдары – 102

Ауыл шаруашылығы министрлігі – 29

Қаржы министрлігі – 28

Төтенше жағдайлар министрлігі – 14

«Жемқорлық көп кездесетін салалар, ол білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар», - деп жауап берген Антикор.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар