Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Полат өлімі: адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО)

Шерзат Полат өлімі: адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО)
Сурет: ҚР Жоғарғы соты
Айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды және оның қызметіне көңілдері толмайтынын жеткізді

Шерзат Полаттың өлімі бойынша қылмыстық істе сотталушылар адвокаты прокурорды ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айыпталушылардың адвокаттары прокурор Дана Сәрсенбайдың қызметіне көңілдері толмайтынын жеткізіп, оны ауыстыруды сұрады. Адвокаттардың сөзінше, мемлекеттік айыптаушы сотталушыны шатастырып, қысым көрсетіп жатыр.

“Прокурор эмоцияға беріліп жатыр. Оған дейін мемлекеттік айыптаушыға ескерту жасалды. Прокурор “жәбірленушілермен бір жақпыз” дейді. Бірақ мемлекеттік айыптаушы теңдей қарауы керек, екі жаққа да жақтаспауы керек”, – деді сотталушының адвокаты. 

Прокурор өтінішті негізсіз деп есептейтінін айтты. Ал жәбірленушілердің адвокаттары ауыстырудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар