Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Шерзатқа, Нұрғанатқа соққы жасамадым”: күдікті Дархан Әскентай сол күні төбелес қалай басталғанын айтты

“Шерзатқа, Нұрғанатқа соққы жасамадым”: күдікті Дархан Әскентай сол күні төбелес қалай басталғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сот отырысында күдіктінің бірі оқиғаны өз нұсқасында баяндады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында күдіктілерден жауап алу басталды. Күдіктілердің бірі Дархан Әскентай оқиға туралы айтып, өзінің сол күні тек сыра алуға барғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дархан Әскентай тергеу кезінде берген жауаптарысен келіспейтінін жеткізді. Сол күні қысым көрсетілгендіктен, көп нәрсені айта алмаған. 

Сөзінше, сол күні дүкеннің алдында сыра ішіп тұрған оны марқұм Шерзат бетінен ұрған.

“Қаржаубай досым Нұрбол келгенде пышақ алып шыққанын, сосын тағы жігіттер келгенде ұстағанын көрдім. Қаржаубай маған айғайлап шығып келе жатты. Шешемнен орысшалап боқтады. “Сен не досыңды шақырып, маған не істегің келіп тұр” деді. Шерзат оны “әке болды керек емес” деп тоқтатты. Нұрбол “досымды алып кетуге келіп тұрмын. Шерзат менің телефонымды қолымнан жұлып алды. Сосын артынан дүкенге кіргенімде қайтарып берді”, - деді күдікті.

Сол уақытта дүкенге көлік келіп тоқтаған. Айтуынша, осы кезде төбелес аяқ асты басталып кеткен. Бәрін тоқтатпақ болғанда бір-екі рет соққы алған.  Дархан Әскентай Нұрқияс, Абзал, Равилді бұрын соңды көрмегенін алға тартты. Сондай-ақ өзінің төбелеске қатыспағанын, ешкімді ұрмағанын айтты.

“Танымаймын, олардың номерлері де жоқ. Оларға хабарласпадым. Шерзатқа, Нұрғанатқа соққы жасамадым. Төбелеске қатыспадым, оған жағдайым да болған жоқ. Нұрғанаттың қолында мылтық болды. Ол екі мәрте оқ атты. Біріншісінде қорқытып атты, екіншісінде балалардың артынан тоқтатыңдар деп атты. Ал “делайте, Чина, Чика” деген сөздерді естіген жоқпын. 

Тергеу кезінде кабинеттен-кабинетке тасып жүргенде Қаржаубай келді. 7 жігітпен қасымызда екі қыз болды. Сол кезде Қаржаубай келіп жетеумізді ұрып, аузына келгенін айтқан кезде ұлының қайтыс болғанын білдік”, - дейді ол.

Күдікті өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.

“Тағылған айыппен келіспеймін. Өз іс-әрекетіме байланысты лайықта жаза беруін ғана сұраймын. Бізде бәрі айтып жүргендей төбелесу ниеті болған жоқ. Бұл жазым жағдай”, – деді ол. 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар