АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер беріледі: заңды сенаторлар мақұлдады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:41
- 46

Алматыда АҚШ консулдығының үй-жайын салу үшін 70 мың шаршы метр жер беріледі. Тиісті заңды бүгін сенаторлар мақұлдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тиісті заң жобасын бүгін сенатта қаралды.
Сенатор Амангелді Нұғымановтың айтуынша, аталған келісім мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат шеңберінде АҚШ үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға беріледі.
Бұл шешім халықаралық дипломатиялық тәжірибеге толықтай сай келеді. Мәселен, Корей елшілігіне Ұлыбританияда және АҚШ консулдығына Гонконгта 999 жылға жалға жер берілген. Бұл - серіктестік қатынастардың ұзақмерзімділігі мен сенімге негізделген қалыпты практика. Алматы қаласындағы Бас консулдықтың аумағында АҚШ-тың Есірткімен күрес агенттігі, Қазақстан Республикасындағы - сауда министрлігінің өкілдігі кіреді. Оның негізгі міндеті – америкалық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуына жәрдемдесу, сондай-ақ АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып табылады, – дейді ол.
Келісім бойынша жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары нақты белгіленген. Жалға алу мерзімі үшін жалдау ақысы 25 миллион АҚШ долларын құрайды және бұл сома Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде біржолғы төлеммен төленеді. Сонымен қатар, АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа қатысты барлық салықтар мен басқа да төлемдерден босатылады (жалдау ақысынан басқа).