Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жүрегімді ауыртты…”: Зарина Омарова Астанада әскери парадқа кіргізбей қойған ардагерлерге қатысты айтты

“Жүрегімді ауыртты…”: Зарина Омарова Астанада әскери парадқа кіргізбей қойған ардагерлерге қатысты айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Зарина Омарова әскери парадқа кіргізбей қойған ардагерлер туралы жазып, көңілі босағанын айтты

Әнші Зарина Омарова Астанада әскери парадқа ардагерлерді кіргізбей қойған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы видеомен өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, осыдан бір жыл бұрын такси күтіп тұрған ардагерді үйіне апарып тастаған екен.

“Достар, осыдан 2 жыл бұрын бір ардагер атаны көшеде такси күтіп тұрған жерінен кездестіріп, үйіне апарып тастаған едім. Өзі сондай ашық-жарқын, өте сыпайы кісі . Сол кезде 67 жыл бойы нейрохирург болып жұмыс істегенін айтқанда таң қалғанмын – нағыз еңбек адамы, нағыз батыр екен. Бүгін Instagram-да сол кісіні көріп қалдым. Өкінішке орай, парадқа кірмей қалғаны жүрегімді ауыртты… Осындай адамдарды ұмытпауымыз керек. Олар – еліміздің мақтанышы”, - деп жазды ол. 

Әнші бөліскен бейнежазбадан ардагерлерді кіргізбей тұрған әскери қызметкерлерге халықтың наразылық білдіріп тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары “Мереке осы кісілердікі, өзі санаулы-ақ қалды ғой”, “Блогер сымақтарды кіргізгенше, осындай кісілерді неге кіргізбейді”, “Жүрегім ауырып отыр ата үшін”, “Атау, біздің елдің ұрпақтарын кешіре гөр”, “Көзіме жас келіп тұр, ұят болды”, деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар