5 миллион теңге: ең көп гонорар алатын әншілер белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:11
- 47

Қазақстандағы шоу-бизнес өкілдерінің тойдан алатын гонорары елдегі орташа жалақыдан бірнеше есе жоғары, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Әсіресе, танымал әншілердің қалтаға түсетін салмағы елеулі. Мысалы, Қайрат Нұртас — ең қымбат өнер иелерінің бірі саналады. Оны тойға шақыру үшін кем дегенде 5 миллион теңге қажет. Бұл — еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе көп сома.
Ал Жанболат пен Жазира жұбы үшін той ұйымдастырушылары 2,5 миллион теңге төлейді. Бұл қаржыға олар жас жұбайларды ортаға алып шығып, 4-5 танымал әнін орындайды. Дәл осындай баға Тоқтар мен Бейбіттің де өнер көрсетуіне қойылған. Алайда той басқа қалада өтетін болса, тапсырыс беруші қонақүй мен жол шығындарын жеке төлейді. Осындай шартпен Айқын Төлепберген де өнер көрсетеді.
Ал әнші Жұбаныш Жексенді тойда көруді қалағандар 1,5 миллион теңгесін дайындауы керек. Той бизнесіндегі ең қолжетімді әншілердің бірі — Нұрлан Еспанов. Ол 1 миллион 200 мың теңгеге той қонағы ретінде ән салып, көрермен көңілін көтеруге дайын. Осылайша, тойдағы өнер көрсетулер отандық шоу-бизнестің табысты бағытына айналып отыр