Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“-37 градусқа дейін ыстық”: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

“-37 градусқа дейін ыстық”: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Сурет: sakhaparliament.ru
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай мен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

10 мамырда солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжануда.

Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6-16-дан 10-20-ға дейін, күндіз 18-26-дан 20-35-ке дейін, солтүстігінде түнде 10-17-ден 5-13-ке дейін, күндіз 17-27-ден 13-23-ке дейін, республиканың оңтүстігінде түнде 12-20-ға дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар