Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде әйел ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге келіскен: ер адам оны масқаралайтынын айтып, ақша талап еткен

Ақтөбеде әйел ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге келіскен: ер адам оны масқаралайтынын айтып, ақша талап еткен
Сурет: РИА новости
Ақтөбеде ер адам танысу қосымшасында танысқан қызды өзін полицеймін деп алдап, интимдік фотоларын анасына көрсетемін деп қорқытып, 95 мың теңге бопсалаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап.

Ақтөбенің 37 жастағы тұрғыны Самат танысу қосымшасы арқылы бір қызбен танысқан. Сөйлесе келе ол қызға ақылы жыныстық қатынас ұсынған. Қыз келісімін беріп, жалдап тұратын пәтерінің мекенжайын жіберген. Алайда кездесуге келген ер адам өзін полицей ретінде таныстырып, қызды қорқыта бастаған.

“Самат қызға оның үстінен қылмыстық іс қозғалатынын және арнайы есепке алынатынын айтқан. Сондай-ақ туыстарына ақылы интимдік қызмет көрсететінін жария етемін деп сес көрсеткен. Сөзінің рас екеніне сендіру үшін бұрын полиция формасымен түскен суретін де көрсеткен. Осылайша, ер адам қыздан бұл жағдайды ешкімге айтпау үшін ақша талап еткен. Қорыққан қыз оған алдымен 6 мың теңгені қолма-қол берген. Кейін бірнеше рет ақша аударып, жалпы сомасы 95 мың 500 теңге төлеген. Тіпті ақшаның бір бөлігін табу үшін таныстарынан қарыз алуға мәжбүр болған”, -деп бейнеленген жазбада. 

Бірақ Самат мұнымен тоқтамай, тағы 100 мың теңге сұраған. Осыдан кейін қыз полицияға арызданған. Көп ұзамай ер адам ұсталды.

Сот отырысында Самат кінәсін толық мойындап, қыздан кешірім сұраған. Сондай-ақ үкім шыққанға дейін одан алған ақшаны түгел қайтарған. Жәбірленуші де ер адамды кешіргенін айтып, оған қатаң жаза қолданбауды сұраған. 

Осы мән-жайларды ескерген сот Саматты түрмеге қамаған жоқ. Оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Алайда ол сот белгілеген талаптарды бұзса, жазасы нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар