Қоғам
Ақмола облысында жоғалып кеткен алты жасар бала өлі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 мамыр, 2025
- 909

Бала жоғалған күні Нұра өзенінің жанында болған
Ақмола облысында бірнеше күн бойы іздестірілген алты жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды KUN.KZ ақпарат агенттігі еріктілерге сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қалмырза Жандәулеттің жоғалғаны туралы Қорғалжын аудандық полиция бөліміне 30 сәуір күні хабар түскен.
Анасының айтуынша, кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шығып кеткен ол қайта оралмаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған күні бала Нұра өзенінің маңында болған.
Келесі мақала