Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тек «әйелдерге тән вирус» емес»: депутаттар ер балаларға жаппай вакцина салуды қолдады

«Тек «әйелдерге тән вирус» емес»: депутаттар ер балаларға жаппай вакцина салуды қолдады
Сурет: gazeta.uz
Елімізде ұл балаларға да обыр тудыратын вирусқа қарсы вакцинаны салу ұсынылды

Қазақстанда ұл балаларға да адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы екпе салу ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды. 

«Өткен аптада біз денсаулық сақтау министріне ата-аналар кездесулерде жиі көтеріп жүрген маңызды сауалды жолдадық. Атап айтқанда – ұл балаларды адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы екпенің ерікті вакцинациялау бағдарламасына қосу туралы. Қазір Қазақстанда қыз балалар адам папилломасы вирусына қарсы екпені тегін ала алады. Бұл – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалатын өте маңызды шешім және үлкен жетістік. Енді осы тәжірибені кеңейту ұсынылып отыр», - дейді депутат. 

Аймағамбетовтің сөзінше, адам папилломасы вирусы – тек «әйелдерге тән вирус» емес. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігінен бөлек, ер адамдарда көмей, ауыз қуысы мен тік ішек қатерлі ісіктерінің де дамуына себеп болуы мүмкін.

«Бүгінде ұл балаларға да қыздармен бірдей адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егілетін көптеген ел бар. Сол себепті біз бұл вакцинаны ерікті негізде ұлдарға да қолжетімді етуді ұсындық», - дейді Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, қазір бұл вакцинаны дәріханалардан табу қиын.

«Сондықтан мемлекет тарапынан оны барлық тілек білдірушіге қолжетімді ету – аса маңызды. Біз денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдайды деп үміттенеміз. Себебі ұл балалар да қауіп тобына жатады. Олардың денсаулығы назардан тыс қалмауы керек», - дейді депутат.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар