
Сара Назарбаеваның денсаулығы сыр беріп, ауруханада ем қабылдап жатқан болатын
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаева 85 жасында көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандық БАҚ-та тараған бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.
«БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем алып жатыр. Оның қайтыс болғаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген жауапта.
Айта кетсек, бұған дейін Сара Алпысқызы Алматыдағы Президент іс басқармасына қарасты республикалық клиникалық ауруханада ем алып жатқанын хабарлаған едік.