Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген
Сурет: invivo.ua/ru
Елімізде 11 жыл бұрынғы бала туу көрсеткіші қайталанды

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төменге түскен. Бұл – соңғы 11 жылдағы антирекорд, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram-дағы Data Hub арнасында Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы дерегіне талдау жарияланды.

"Қаңтар-наурыз аралығында тірі туған 77,3 мың нәресте тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 16 пайызға аз және кем дегенде 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш", - деп келтіреді арна авторлары.

Тірі туғандар санының динамикасынан маусымға байланысты өзгешеліктерді байқауға болады. Жылдың ең жоғары мәні әдетте үшінші тоқсанның соңында тіркеледі, ал маусымдық өсім әсіресе пандемияға дөп келген 2020 және 2021 жылдарда байқалады. Ең төменгі мәндер жылдың алғашқы үш айына тән.

"Алайда бұл көрсеткіш тоқсанға байланысты қаншалықты ауытқыса да, соңғы 11 жылда ешқашан 90 000 нәресте деңгейінен төмен түскен емес", - делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда көрсеткіштің төмен болуы елдің 20 өңірінде де байқалады. 12 облыста көрсеткіштер орташадан төмен. Оның үстіне, ауылдарда 14,2 пайызға теріс динамика, ал қалада 18,1 пайызға теріс тенденция байқалады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар