Депутаттар жасанды интеллект оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілетін тежейтінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2025
- 21

Жасанды интеллектің пайдасынан гөрі, зиянын қазірден бастап көріп жатыр. Жаһан жаңалығының кем-кетігін таразыға салып, заңнама нормасында белгілеген депутаттардың пікірі бірауыздан осыған саяды. Сондықтан халық қалаулылары жасанды интеллекті мектеп қабырғасында белгілі бір шектеумен пайдалануға рұқсат беру керек деген пікірде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Жасанды интеллект балалардың когнитив қабілетіне кері әсері бар. Яғни оқытуды автоматтандыру, жасанды инттелектке білім беру платформалары, цифрлық ассистенттерді пайдалану, егер тиісті бақылау болмаса, онда оқушылардың сыни ойлау және шығармашылық қабілетін тежейді», - дейді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.
Бүгінде қолында смартфоны бар еңбектеген балаға дейін чат GPT-мен дос болып алғаны жасырын емес. Мектептегі оқушылардың басым бөлігі кітапхана табалдырығын тоздырып, керек дерегін іздегенше, сауалын компьютерге сала салғанды құп көреді. Соның кесірінен ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге дағдыланған жастар ойлаудан қалып барады деп, депутаттар алаңдап отыр. Сондай-ақ болашақта ЖИ көмегіне жүгініп жазылған ғылыми жобаларда міндетті түрде замануи жаңашылдықтың пайдаланғаны көрсетілуі керек деп айтылуда.
«Дайын материалды Чат GPT-ге салып, қорытындысын ала салады. Қазір жастардың сөз қоры азайды, лексиконы жоқ. Баяғыда біз шығарма жазып, мазмұндама жасадық. Сондықтан ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндер қазір ЖИ ішінде жүретін болды. Рухани жағын ойлап, халқымызды, білім-ғылымды қалай қорғаймыз?», - дейді Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.
Ұқсас жаңалықтар
Астана мен Алматыда алдағы күндері күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 мамыр, 2025