«Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске алып, көзіне жас алды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2025
- 1

Белгілі әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы естеліктерін айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бағдарлама барысында әншінің ұл-қызы әкесіне тілектерін айтты. Өз кезегінде Медеу Арынбаев та марқұм жұбайының сөздерін есіне алып, естеліктерімен бөлісті.
«Мен өмірдегі ең бақытты адаммын. Өйткені Айгүлім осындай ұлым мен қызымды сыйлап, тапсырып кеткен. Балаларымның тілегін білемін ғой. Одан артық бақыт бар ма? Сағым сынбай, осындай ұл мен қызды тәрбиелеу қолымнан келіп жатса, одан артық бақыт бар ма?
Бірақ мен ойымнан қайтпаймын. Тұрақтылықты жақсы көремін. Сынып кетуіме хақым жоқ. Өйткені, Айгүлдің маған беріп кеткен шуағы, қуаты маған өмірімнің аяғына дейін жететін сияқты. Әлі есімде, мынаны айтатын, «біздің балаларымыз ешқашан қиналмайды, мен көрген қиындықты бұлар көрмейді, оны білемін, сенемін», деп маған өсиет сияқты қайта-қайта айта беретін.
Сол қуатпен, сол энергетикамен әлі күнге дейін келе жатқан сияқтымын. Осыдан кейін қалай сынамын?!» - деген Медеу Арынбаевтың жанары жасқа толып кетті.
Айта кетсек, Медеу Арынбаевтың жұбайы 2011 жыл өмірден өткен.