Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Алматыда нөсер жауын”: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты

“Алматыда нөсер жауын”: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты
Сурет: pravda.com.ua
Бүгін Алматыда жауын жакып, найзағай болады

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты. Себебі қалада найзағай ойнап, нөсер жауын жауады және екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

18 мамыр күні мегаполисте сағат 13:00-ден бастап тәулік соңына дейін найзағай ойнап, бұршақпен бірге нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Жауын-шашын мөлшері 20 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 18–23 м/с дейін жетеді.

19 мамырда да ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде сағат 05:00-ге дейін жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +20…+22°С. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с.

Қаланың коммуналдық қызметтері түнгі уақытта 366 арнайы техника бірлігі мен 355 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Ал 18 мамыр күндіз су басудың алдын алу және жою мақсатында 515 техника бірлігі, 27 мотопомпа және 755 жұмысшы қала көшелеріне шығады.

Сонымен қатар мотопомпалармен жабдықталған 42 жедел бригада дайындық режимінде жұмыс істейді.

“Арық желілері мен жауын суын қабылдайтын тұзақтарды тазалау және бақылау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Қаладағы проблемалық учаскелерде тәулік бойы тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы құтқару қызметі (“Алматы қаласының құтқару қызметі” МКК) тарапынан 15 техника бірлігі мен 50 қызметкер, ал ТЖД тарапынан 55 техника бірлігі мен 245 маман кезекшілікке шықты”, – деп хабарлады Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар