Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлады: қазақстандық жолаушы әйел қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2025
- 21

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық әйелге жарнамалық тақта құлап, қаза тапты. Тағы екі адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы Pro Astanu паблигінде жарияланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында болған. Астанаға дейін баратын DV5270 рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлаған.
"Мерт болған адамның туыстарымен байланысқа шықтық, оларға барлық мәселе бойынша консул көмек көрсетіп жатыр. Зардап шеккен екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мысыр тарапы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, шын жүректен өкініш білдірді. Мысырдың азаматтық авиация министрі болған оқиғаны өзінің жеке бақылауына алып, бірден арнайы комиссия жіберді", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.