Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәтпаев Тұрсыновтың елден кетуі жайлы: Қазақстан тас түнектің түбіне түсті

Сәтпаев Тұрсыновтың елден кетуі жайлы: Қазақстан тас түнектің түбіне түсті
коллаж kyn.kz
Саясаттанушы: "Ескі Қазақстан" "Жаңа Қазақстан" атуын жамылып өмір сүріп, өркендеп келеді.

"Қазақстан түнекке түсті. Мәдениет, саясат, өнер де тас түнекте. 

“Ескі Қазақстан”  “Жаңа Қазақстан” атауымен өмір сүріп, өркендеп жатыр", - деп жазды  саясаттанушы Досым Сәтпаев Ермек Тұрсыновтың жасбасына.

Бұған дейін режиссер Ермек Тұрсынов елден түбегейлі кететінін айтқан.  Мұның себебін өзі  жылдар бойы жалғасқан қысым, қудалау деп түсіндірген. 

Осыдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет режиссерге қатысты ешқандай да тергеу әрекеттері болмағанын мәлімдеді.


Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист, жазушы. Ол “Келін”, “Шал”, “Жат” және “Бесмойнак” фильмдері арқылы кеңінен танылды. Оның жұмыстары халықаралық кинофестивальдерде Қазақстанды бірнеше рет таныстырды, соның ішінде “Оскар” сыйлығына үміткер ретінде шорт-листке енгізілді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар