Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбиесіздер":Жорабаева әйеліне көмектеспейтін еркектерге шүйлікті

"Өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбиесіздер":Жорабаева әйеліне көмектеспейтін еркектерге шүйлікті
Инстаграм
Әнші өз отбасындағы ұстанымды әңгімелей отырып, үй шаруасын "әйелдің тірлігі" деп бөлетіндерді сынады.

Әнші Алтынай Жорабаева отбасында үй шаруасына қатысты ата-анасының көрсеткен өнегесін айта отырып,  кей ер азаматтарды сынға алды, деп жазды  KYN.KZ  тілшісі.

“Міне – біздің үйдің ұстанымы. Тәрбиеміз де осындай. Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі.

Кейбір еркексымақтар бар ғой. “Қатынның тірлігі” деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын. Әкемнің анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан. 28 сәуірде жамбасыма ота жасатып едім. Сол кезде ауырғанды сездірмейтін дәрілер іштім. Ол бауырым мен бүйрегіме әсер етті. Ауылда әкемнің қайнатқан шөп шайларын ішіп жатырмын. Күнде ішкізіп, уақытын қадағалап отыр”, – деп жазды әнші.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар