
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушы көпбалалы отбасынан шыққан
Түркістан облысының Темірлан ауылында 11-сынып оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаратт агенттігі.
Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек Әбілхан тестілеуге жүйелі түрде дайындалған.
Ол 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлім етті.
“Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі”, – делінген ведомство хабарламасында.