«+38°С дейін ысиды»: 20, 21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:15
- 53

"Қазгидромет" РМК 20, 21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміз бойынша ауа температурасы тез көтеріледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алдағы күндері күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел, бұрқасын болады.
Тек шығыста, 20-21 мамырда еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы құрғақ болады деп болжанып отыр.
20 мамырда түнде Батыс Қазақстанда, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облыстарында нөсер жаңбыр жауады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.
• республиканың батысында және солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +18+28°С-тан +15+25°С-қа дейін төмендейді;
• республиканың солтүстігінде – күндіз +20+26°С-тан +20+29°С-қа дейін көтеріледі;
• орталықта, елдің шығысында – +20+28°С-тан +22+33°С-қа дейін көтеріледі;
• оңтүстікте – +25+35°С-тан +28+38°С-қа дейін жоғарылайды;
• оңтүстік-шығыста – +22+30°С-тан +30+38°С дейін көтеріледі.