Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үш сарбаз жіппен байлап, азаптап өлтірген": Жұмыста қайтыс болған әскеридің бауыры жан шошырлық деректер айтты (ВИДЕО)

"Үш сарбаз жіппен байлап, азаптап өлтірген": Жұмыста қайтыс болған әскеридің бауыры жан шошырлық деректер айтты (ВИДЕО)
коллаж kyn.kz
Тоғжан Нұрланқызы: Ағамның қолғабын көмейіне дейін тығып, қойша сүйреген.

Жаркентте жұмысында жүріп қайтыс болған 26 жастағы әскери қызметші Дархан Нұрланұлының  туған қарындасы Тоғжан Нұрланқызы  марқұмның азапты өлімі жайлы жан шошырлық деректер келтірді. Отардағы әскери бөлімнен ауысып келгеніне екі ай болған Дарханға өз әріптестері қастандық жасаған, деді KYN.KZ  тілшісіне  сұхбат берген Тщғжан Нұрланқызы.

Алғашында капитан шеніндегі Дархан жаттығу кезінде қайтыс болды деген ресми ақпарат болды. Бірақ, туыстары марқұмның азапталып өлтірілгеніне күдік барын айтқан. Артынша оның рас екенін дәлелдеп, кінәлілерді іздеу басталды. Ал қазір қарындасы Тоғжан Дарханның өлімі бойынша жауапқа тартылып жатқандар саны аз, ол жерде пәрмен бере алатын, лауазымды адамдар істен тысқары қалуда, көпшілігі куә статусында деп ашынды.

"Капитан Дәулет кезекшілікке түскен офицер болды. Ол бөлімді тексеріп өткеннен кейін, түнгі 11:30-да  арнайы беттерін бүркеп, үстілеріне спорттық киім киген үш сарбаз келеді. Олар Дарханның аяқ-қолын байлап,өзінің былғары қолғабын көмейіне дейін тығып, сыртынан спорт киімнің жібімен байлаған. Сосын оны сол полктің спорт қалашығындағы бір шұңқырға апарып тастап кеткен.

Оны сол күні Дархан патрульді көмекке шақырған. Енді соның біреуі жоқ. Патруль қайда ақпаратты білетін, әр бөлімнің басшылары қайда? Жарайды кезекшілікте жүріп жоқ болып кеткен әскериді әріптестері неге іздемеген? Бірден айтатын жайт, Дархан сарбаздарды өшіктірді деуге негіз жоқ. Өйткені ол сарбаздармен тікелей жұмыс істемеген. Ол Отардан ауысып келді.

Сол жақта сарбаздармен тікелей жұмыс істеген. Мына ұсталған үш сарбаз майордың бұйрығын орындағанын айтуда. Оның бұйрығы еш жерде тіркелмеген. Алғашында ресми ақпарат Дарханды жаттығу кезінде мерт болды деді. Әкімдікті шулатқаннан кейін барып осы мәліметтер шықты. Қазір біз бұл нұсқаның артында тағы біраз адам барына көзіміз жетіп отыр. Бірақ, олар себебі белгісіз жағдайда сытылып отыр. Осы ретте, Президент пен Ішкі істер министрінен осы істің дұрыс қаралуын, кінәлілер қатаң жазалануын бақылауларыңызға алуларыңызды сұраймын",-дейді марқұмның қарындасы Тоғжан.

Қайғылы оқиға 14 қарашаға қараған түні болған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты Жаркент қаласындағы №74261 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы, 26 жастағы Дархан Дәулет тәуліктік нарядта болған. 

Сол кезде марқұмның анасы ұлының абайсызда қайтыс болғанына сенбейтінін айтқан болатын

“Бізге, ата-анасына, ұлымыздың өлімі туралы тек 6 сағат өткен соң, яғни таңғы 7-де хабарлады. Ұлымның денесінде зорлық-зомбылық іздері, көптеген соққылардың ізі, басындағы жарақат және қан ұйыған іздер бар. Мен ұлымның өліміне кінәлілердің барлығын заң аясында жауапқа тартуды және қажетті тергеу шараларын жүргізуді талап етемін, себебі осы іске қатысы бар адамдардың барлығы қамауға алынған жоқ. Менің сенімімше, ұлымды өлтіруге осы бөлімнің ықпалды офицерлері қатысқан. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде баламның өліміне қатысты жалған ақпарат таралуда, яғни ол түнгі 01:00-де диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс жаттығу кезінде қаза тапты деп айтылуда. Бірақ түнгі 1-де қандай жаттығулар болуы мүмкін?” – деді марқұм офицердің анасы Назгүл Досыбекова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар