4 және 9 сынып оқушыларына бітіру кеші ұйымдастырыла ма?: оқу-ағарту министрлігі түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2025
- 23

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 4 және 9-сынып оқушыларына бітіру кештерін ұйымдастыруға қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер министрге “сынып сағатынан кейін оқушылар мұғалімдермен бірге киноға немесе серуен ұйымдастыра ала ма” деген сауал қойды.
"Балаларды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша барлық ережелер әсіресе көлік шаралары міндетті түрде сақталуы керек. Егер мектеп директорының бұйрығы болса, балалардың барлық қауіпсіздік шаралары сақталса, әрине, мүмкін. Ал жай ғана алып, баруға тыйым салынады", - деді ол.
Бейсембаев егер балалар қандай да бір іс-шараларға баратын болса, онда полицияның бақылауында болуы керек екенін жеткізді.
"Тек автобус алып, балаларды отырғызып бара салуға болмайды. Ережелер бар, егер балалар қандай да бір іс-шараларға ұйымдасқан түрде барса, олар қатаң түрде полицияның бақылауында болуы керек", - деп түсіндірді ол.